Сканер классификациясы 7 страница

Paint кескiндiк редакторының терезесi.

Кескiндiк редактор терезесiнiң келесi элементтерi бар: құжат атынан тұратын тақырып қатары, меню қатары, Саймандар тақтасы, Сурет салуға арналған аймақ, Негізгі және фондық түстер политрасы. Сол жақта сурет салу саймандар жинағымен редактiрлеу (редактирование) белгiшелеу тобы орналасқан. Саймандар жиынтығының астында таңдалып алынған сайманның түрiне байланысты өзгеретiн үлгiлер жинағы орналасқан.Мысалы, сызық сайманын таңдап алған кезде үлгiлер жинағында түрлi қалыңдықтағы сызықтар жинағы болады. Терезенiң сол жақ төменгi бұрышында сурет салғанда ауыстыруға болатын түстер жинағының Индикаторы орналасқан. Индикатордағы алдыңғы жоспарда орналасқан квадрат негiзгi түспен, ал кейiнгiсi фондық түспен боялған.

Сурет салу аймағының төменгi жағындағы индикатордың оң жағында түрлi түстерге боялған 28 батырмадан тұратын Палитра орналасқан.

Оң жақ және төменгi шекаралардың қасында терезеге симай тұрған кскiндердiң бөлiгiн қарауға арналған айналдыру жолақтары орналасқан.

Терезенiң төменгi шекарасының бойында орындалып жатқан командалар және т.б., сонымен қатар көрсеткiштiң координаталарын көрсететiн Қалып күй қатары орналасқан.

Саймандар жинағы

Сайман таңдап алу үшiн саймандар жинағындағы (1.5.сурет)

оның басында шерту керек.

Paint-та 16 инструмент бар.

1) Кез-келген аймақты белгiшелеу.

2) Тiктөртбұрышты сурет фрагментiн белгiшелеу.

3) Өшiргiш суреттiң жеке бөлiктерiн өшiруге арналған.

4) Құю (Заливка) сайманы тұйық контурларды көркемдеу (изображения) түсiмен немесе құю түсiмен толтырады. Сайман палитраның қажет түсiн таңдап, салынған сызықтың түсiн өзгертугемүмкiндiк бередi.

5) Түстi таңдау сайманы кескiндi (изображения) немесе фонның түсiн суреттiң кез-келген нүктесiнiң түсiне өзгертедi.

6) масштаб суреттiң жеке фрагменттерiн үлкейтугемүмкiндiк бередi.

7) Қалам (карандаш) түрлi қалыңдықтағы кез-келген сызықты салуға арналған.

8) Бояғыш (кисть) – ретсiз сызықтарды салуға арналған. Бояғыштың қажеттi (сәйкес) пiшiнi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.

9) Бүрiккiш бояуды экран бетiнiң белгiлi бiр аймағынамайда түйiршiктер түрiнде шашыратады. Бүрiккiштiң өлшемi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.

10) Жазба–мәтiн фрагменттерi бар сурет жасауға мүмкiндiк бередi.

11) Сызық - түзу сызықтар салу үшiн.

12) Қисық сызық – үйлесiмдi (плавные) сызықтарды кекiндегенге. Сызық қалыңдығы үлгiлер жинағынан берiледi.

13) Тiктөртбұрыш – берiлген толтыру түрлерiмен тiктөртбұрыштармен квадраттар салуға арналған.



14) Көпбұрыш – кез-келген пiшiндегi тұйық көпбұрыштар салу үшiн.

15) Эллипс – эллипстермен шеңберлер салуға арналған.

16) Дөңгелектеу тiктөртбұрыш шеттерi дөңгеленген тiктөртбұрыштармен квадратты салуғамүмкiндiк бередi. Тiктөрбұрыш, Көпбұрыш, Эллипс және Дөңгелектеу төртбұрыш саймандарымен жұмыс iстегенде саймандар тақтасының астындағы үлгiлер жинағынан ұсынылып тұрған толтырғыштың үш түрiнiң бiрiн таңдап алуға болады. Толтырғыштың түсi палитрадан оң жақты шерту арқылы таңдалынады.

Суреттегi мәтiндi енгiзумен форматтаудың ретi:

· Саймандар жинағындағы Жазба батырмасында шерту.

· Мәтiн енгiзiлетiн аймақ шекараларын беру: аймақ төбелерiнiң орналасатын нүктелерiнiң бiрiнде шертiп, тышқанды басып iшiндемәтiн орналасатын пунктирлi тiктөртбұрыштың диагоналi бойынша созу.

· Тышқан батырмасын жiбергеннен кейiн пайда болған Қарiптер терезесiнде қарiп түрiн, оның өлшемiмен сызылымын таңдау.

· Пунктирлi тiктөртбұрыштың iшiнде шертiп, пернетақтаданмәтiн енгiзу. Жолдың оң жақ шетi пернесiн басқанда пайда болады.

· Мәтiннiң өлшемiмен орнын өзгертуге болады. Қарiптiң түсiн палитрадан таңдап алып, өзгертуге болады.

Мәтiн тышқанды пунктирлi тiктөртбұрыштың сыртында шерткеннен кейiн суретте сақталады.

Қарапайым калькулятор.

Компьютердің сандық информациялармен жұмыс атқару мүмкіндігін Windows-тың көмекші программасы «Калкулятор» арқылы көруге болады. Калькулятордың 2 түрі бар: қарапайым және инженерлік.

Калькуляторды іске қосу үшін мына амалдар орындалады:

Пуск---Программы—Стандартные----- Калькулятор

Егер калькулятор бірінші рет қосылса, онда қарапайым калькулятор шығады. Калькулятордың бір түрінен 2-і түріне көшу Вид менюінен оның типін ( түрін) таңдау арқылы іске асады.

Пуск—Программы---Стандартные---Калькулятор—Вид---Инженерный. Инженерлік калькулятор кәдімгі қарапайым калькуляторға ұқсас, бірақ 2-3 міндеттер орындайтын бірнеше батырмалары бар. Бұл калькулятордың көмегімен статистикалық есептеулер жүргізуге (орта мәнін табуға) тригонометриялық, логарифмдік, дәрежелі мәндерді есептеуге болады.
Инженерлік калькулятор:

Статистикалық есептер Калькулятордың сол жақ бөлігіндегі көк таңбалары бар батырмалар арқылы орындалады, олардың көмегімен бірсыпыра сандар тізбегін енгізіп, сол сандардың арифметикалық ортасын, қосындысын және стандарттық ауытқуын анықтай аламыз. Статистика режимінде жұмыс атқару үшін мынадай ережелерді білген жөн:

  1. Статистика терезесі Sta батырмасын шерткен кезде ашылып, оған сандар тізбегін енгізуге мүмкіндік аламыз.
  2. Калькулятор панелінде терілген сан Статистика терезесіне Dat батырмасын шерту арқылы жіберіледі.
  3. Калькулятордың үш батырмасы енгізілген сан тізбегінің статистикалық функцияларын анықтайды, олар:

Sta- статистика терезесін ашады

Ave-статистика терезесіндегі сандардың орта мәнін есептейді

Sum-статистика терезесіндегі сандардың қосындысын есептейді

S-статистика терезесіндегі ығыстырылмаған сандардың ортаквадраттық ауытқуын есептейді

Dat - статистика терезесіне сандардың бейнесін шығарады.

Статистикалық есеп шығаруға бір мысал қарастырайық:

  1. Калькуляторда 12,56 санын теру.
  2. Sta батырмасын шертіп, Статистика терезесін шығару.
  3. Dat батырмасын шерту.
  4. Екінші 12,89 санын теріп, Dat батырмасын шерту.
  5. Үшінші 12,33 санын теріп, Dat батырмасын шерту.
  6. Sta, батырмасын шертіп, Статистика терзесіне шығып, енгізілген сандарды қарауға, лоар көп болған жағдайда жоғары төмен жылжуға мүмкіндік беретін жүгіртпені пайдалануға болады.
  7. Ret батырмасын шертіп калькулятор терезесіне ауысу.
  8. Ave батырмасын басып, сандардың арифметикалық ортасын табамыз-ол 12,593333.
  9. Sum батырмасын басып, сандардың қосындысын табамыз-ол 31,18.
  10. S батырмасын басып стандартты ауытқуды анықтаймыз, ол-0,28148.

Студенттің өзіндік жұмысы:

Windows операциялық жүйесіне (реферат жазу).

Бақылау сұрақтары:

  1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады? Оның қандай мүмкіндіктері бар?
  2. Осы редактордың саймандар тақтасы, меню қатары палитрасының атқаратын қызметтерін түсіндіріңіз.
  3. Саймандар тақтасындағы аспаптарға жеке түсініктеме беріңіз.
  4. Негізгі және фондық түстер қалай таңдалынады?
  5. Палитрадағы түстер құрамына басқа түстерді қалай қосуға болады?
  6. Графикалық редакторда салынған суретті Жұмыс үстеліне орналастыруға бола ма?
  7. Калькулятордағы MC, MR, MS, M+…батырмаларының қызметі қандай?
  8. Санның квадраттық түбірін қалай анықтауға болады?
  9. Индикаторда терілген санның берілген процентін қалай табады?
  10. Қарапайым калькуляторды инженерлік калькуляторға қалай ауыстырамыз?

Зертханалық жұмыс №8.

Тақырып: MS Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мәліметтер. Мәтінді форматтау. (4 сағат зертханалық жұмыс,1 сағат СӨОЖ)

Мақсаты: Word мәтіндік редакторын іске қосу, Word терезесінің стандартты элементтерімен танысу, Файлдармен жұмыс, құру, сақтау, құжаттағы мәтін бөлігін қиып алу, көшірмесін жасау, енгізу, ауыстыру, автомәтін жасау және қолдану, құжаттарды көру режімдері және саймандар тақтасын жасау және орнату, тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу, мәтінді бағаналарға бөлу, мәтіннің жиегін белгілеу, бояу, автоматизациялау құралдарымен жұмыс жасуды үйрену; мәтінді форматтау, қаріптерді өзгерту, сызу, интервалдар. Айнымалы ақпараттарды қоюға болатын, мысалы, фамилиясы, аты, адресі т.б.с.с. сериялы құжаттарды құруды үйрену.

Мәтіндік редактор MsWord

Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды даярлауға, редакциялауға, пішімдеуге, баспаға шығаруға арналған.

Word редакторын іске қосу.

Орнатылған Word редакторын іске қосу бірнеше жолмен орындалады:

1. Басты менюдің Іске қосу – Программалар – Microsoft office – Microsoft Word қатарында тышқанды шерту арқылы.

2. Windows жүйесінің Менің компьютерім немесе Сілтеуіш (проводник) терезелерінің бірін пайдалану арқылы (Program Files – Microsoft office – Winword бумасы Winword файлы)

3. Жұмыс үстеліндегі Word редакторының жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы (жарлық болмаса, басқа тәсілді қолдану керек) т.б.

Word редакторымен жұмыс жасауды аяқтау.

Редактормен жұмысты аяқтау (доғару) кез келгенстандартты тәсілдермен жүргізіле береді, мысалы:

1. Файл – Шығу (Выход) меню командаларын таңдау арқылы;

2. Редактор терезесінің тақырып жолынан оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу арқылы;

3. Тікелей Alt + F4 пернелерін басу арқылы т.б.

1.1-сурет. Word программасының терезесі.

Word программасының терезесінде Windows жүйесіндегі стандартты көптеген элементтер бар. Word – ң терезесі тақырып қатары, меню қатары, саймандар тақтасы, форматтау саймандар тақтасы, қалып-күй қатары, сызғыш, жұмыс аймағы, айналдыру жолақтарынан тұрады. Жұмыс жасау барысында басқа да саймандар тақтасын орнату қажет болса, оны да қосуға болады.

Тақырып қатарында құжаттың аты және терезе өлшемдерін реттеуші үш батырма тұрады.

1.2-сурет. Терезе өлшемдерін реттеуші батырмалар.

Меню қатары Word-ң негізгі командаларынан тұрады. Тышқанды шертсек, осы менюге кіретін командалар тізімін ашып береді.

1.3-сурет. Меню қатары.

Саймандар тақтасында жиі қолданылатын меню командалары батырма түрінде бейнеленеді. Саймандар тақтасы “стандартты”, “форматтау” деген бөліктерден тұрады.

1.4-сурет. Саймандар тақтасы.

Саймандар тақтасынан кейін сызғыш орналасқан. Сызғыш құжаттың өрісі мен азат жолдарын реттеу үшін қолданылады. Егер экранда сызғыш көрінбесе, оны Түр – Сызғыш командасының көмегімен шығарып алуға болады.

Жұмыс аймағанда құжаттың негізгі мәтіні бейнеленеді. Мәтінді енгізу, форматтау, графиктік объектілерді енгізу және кестелерді жасау осы жұмыс аймағында жүргізіледі.

Қалып-күй қатары - экранның төменгі бөлігінде орналасқан. Онда құжаттың ағымдағы күйі жайлы мәліметтер келтірілген.

Жаңадан құжат дайындау және сақтау

Жаңадан құжат даярлау Файл – Құру – Жаңа құжат (Новый документ) командасымен орындалады.

Құжат компьютердің оперативті жадысында дискіде файл түрінде сақталынады. Сақталынған құжатты өз атауымен немесе басқа атаумен және басқа орынға сақтауға болады.

Құжатты сақтау

Құжатты сақтау Файл – Сақтау немесе + пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады.

Құжатты жаңа атаумен сақтау үшін Файл – ... деп сақтау (Файл – Сохранить как ...) – дискіні таңдау – файл атын енгізу - сақтау амалын орындау арқылы жүзеге асырылады.

Word программасында сақталынатын құжатты басқа форматта сақтауға да болады. Ол үшін Файл – ... деп сақтау терезесінен немесе пернесін басу арқылы файлдың типі тізімінен форматын таңдау қажет.

Құжатты жабу

Құжатты жабу үшін: Файл – Жабу (Закрыть) немесе Жабу батырмасына шерту, + пернелер комбинациясын басу қажет. Егер құжатқа өзгертулер енгізілген болса, онда Word-ң өзгертулерді сақтау мүмкіндігі бар.

Дайын құжатты ашу

Word ортасында дайын құжатты ашу “Құжатты ашу” сұхбат терезесі арқылы орындалады. “Құжатты ашу” сұхбат терезесін ашу үшін төмендегі тәсілдердің бірін қолданыңыз:

- Файл – Ашу (Открыть) командасын таңдау;

- пернетақтадан + басу;

- стандартты саймандар тақтасындағы ашу батырмасына шерту.

Құжатты форматтау

Мәтінді форматтау формат менюінің немесе форматтау тақтасының құралдарымен іске асырылады. Негізгі форматтау тәсілдері: қаріп түрін таңдау және өзгерту, қаріп өлшемін, қаріптің түсі мен жазылуын, туралау әдістерін таңдау.

Қаріпті таңдау Формат – Қаріп командасының көмегімен орындалады. Мәтінді жылдам форматтау үшін саймандар тақтасын қолдануға болады.

1.5-сурет. Қаріпсұхбат терезесі.

Абзац – Enter пернесін басқандағы мәтін бөлігі. Азат жол параметрлерін Формат – Абзац командасын немесе сызғыш арқылы орнатуға болады.

Беттерді форматтау.

Беттерді форматтау: парақ өрістерінің көлемін орнату, парақ бағытын таңдау.

¤ріс – беттің 4 қырынан орын қалдыратын негізгі мәтін орналасатын аудан.

Құжат өрісін екі жолмен өзгертуге болады: Файл – Параметры страницы немесе сызғыш арқылы.

Тапсырмалар:

1. Word мәтіндік редакторын қосудың үш түрлі жолын көрсетіңіз.

2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы басқару батырмалары арқылы мәтінді кішірейтіңіз, үлкейтіңіз, жасырып (бүктеп), қалпына келтіріп қойыңыз.

3. Файл менюінің командалары арқылы жаңа құжатты ашып, сол құжатты өз атыңызбен сақтаңыз.

4. Құжаттың оң жағынан 2 см, сол жағынан 1,5 см ал жоғарғы және төменгі жақтарынан 2 см қалатындай орналастыр.

5. Осы құжатқа өмірбаяныңызды теріп жазыңыз.

6. Әр азат жолды әр түрлі қаріппен және қарайтылған, қисайтылған, асты сызылған етіп сол (оң) жаққа туралауды қолданыңыз.

Құжат мәтінін редакциялау

Құжатты көру режімдері

Құжатты көрудің бірнеше режімдері бар. Кәдімгі режімде құжаттың тек мазмұндық бөлігі қарастырылады. Құрылымдық (структура) режімінде тек құжаттың тақырыптары көрсетіледі. Бетбелгі (разметка страницы) режімінде құжаттың экранда көрсетілуі толығымен баспа түріне сәйкес болады. Бұл режім баспаға шығаруға арналған құжаттар үшін өте қолайлы. Негізгі құжатты көру режімі көлемі үлкен құжаттарды даярлау жұмысын жылдамдатады. Бүкіл экранда көру режімі тек құжаттың өзін ғана қарауға мүмкіндік береді. Осы аталған режімдердің барлығында да құжаттағы мәтінді енгізуге, редакциялауға, форматтауға болады. Алдын ала көру режімі бір мезгілде бірнеше бетті қарауға мүмкіндік береді, бірақ құжатты редакциялауға болмайды.

Осы жоғарыда айтылған режімдердің біреуін таңдау үшін меню жолындағы Түр (Вид) командасына кіру керек немесе көлденең айналдыру жолағының сол жағында орналасқан көру режимдерін басқару батырмасына басу қажет. Мәтіннің көрсетілу масштабын Түр (Вид) ® Масштаб командасының көмегімен өзгертуге болады.

Мәтін бөлігін редакциялау

Мәтіннің бөлігін жылжытқанда, қиып алғанда, көшірмесін жасағанда бөлік арнайы жады ауданы алмасу буферіне түседі. Мәтін бөлігін ерекшелеу тышқанның сол жақ батырмасы және пернелер тақтасындағы пернесін басу арқылы да орындалады.

Жылжыту (Көшірме жасау) Түзету (Правка) ® Қиып алу, көшіру қайда жылжыту (көшірме жасау) қажет орынға курсорды қойып, Түзету ® Енгізу командасын орындау қажет. (Тышқанның оң жақ батырмасын басулы күйінде орындауға да болады).

Құжаттың белгілі бір бөлігіне көшу

Құжаттың белгілі бір бетіне көшу. Түзету (Правка) ® Перейти (Көшу) командалары арқылы жүзеге асады.

Автомәтін – бұл мәтіннің бөлігін автоматты түрде енгізуге арналған режім. Ол екі қызмет атқарады: автоаяқтау, автомәтін. Мәтіндік процессорда автомәтіннің сөздігі болады. Мұнда құжатты даярлауда жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері сақталады. Сөздікке жаңа сөз енгізу – бұл да автомәтіннің функциясы. Ол үшін экрандағы мәтінді ерекшелеп алып, Енгізу – Автомәтін – Құру – ОКкомандасын орындаңыз. Автомәтін элементі автомәтін атымен енгізіледі. Автомәтінді енгізу үшін автомәтін атын теріп пернесін басамыз.

2.1-сурет. Автомәтінсұхбат терезесі.

Саймандар тақтасы - басқару элементтері.

Жиі қолданылатын меню командалары саймандар тақтасында батырма түрінде бейнеленеді. Жиі қолданылатын командаларға жылдам енуге мүмкіндік береді. Word іске қосылғаннан кейін стандартты басқару тақтасы шығады. Командалар мен іс-әрекеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Саймандар тақтасын алып тастау және орнату Түр – Саймандар тақтасы командасы және таңдап алынған саймандар тақтасының атына тышқанды шерту арқылы орындалады. Жаңадан саймандар тақтасын жасау Түр (Вид) – Саймандар тақтасы (Панели инструментов) – Баптау (Настройка) –Жасау (Создать) командасымен орындалады. Саймандар тақтасына батырманы енгізу үшін Командалар сұхбат терезесіне көшіп, қажет батырманы саймандар тақтасына тышқан курсорының көмегімен жылжыту қажет.

Тапсырмалар

1. Жаңадан құжат ашып, Қазақстан Республикасының Әнұранын теріп жазыңыз. Мәтінді жылдам теру үшін “қайырмасы” терілген бөлікті ерекшелеп, Түзету (Правка) – Көшіру (Копировать) командасын орындаңыз.

2. Word мәтіндік редакторының саймандар тақтасындағы барлық бастырмаларын алып тастаңыз. Содан кейін стандартты және форматтау тақталары тобының батырмаларын іске қосыңыз.

3. Қосымша өзіңіздің саймандар тақтаңызды жасаңыз. Саймандар тақтасының атын өзіңіздің атыңызбен атаңыз. Осы тақтаға төмендегі мәтінді теру үшін қос сызықпен астын сызу, жоғарғы индекс батырмаларын орналастырыңыз. Мәтіннің көрсетілу масштабын Түр (Вид) менюі командасының көмегімен 75 пайызға содан кейін 100 пайыз етіп өзгертіңіз.

Сатылады

2 – қабатты

1 – қабат – 615 м2

2 – қабат – 1150 м2

Жер төле – 290 м2

Белгіленген жер көлемімен

Мекен-жайы: Гогол көшесі, 144а

Тел: 33-10-65

Құжатты форматтау мүмкіндіктері

Маркерлеу және нөмiрлеу

Бiрнеше бөлiмдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тiзiмдердi таңбалау және нөмiрлеу қажеттiгi туады. Word –та қарапайым, маркерленген, нөмірленген базалық типтері бар. Тізімдерді қою үшін форматтау саймандар тақтасындағы батырманы немесе Формат – Тізім командасын қолдану қажет.

Маркер – таңбаны таңдау арқылы өзгертуге болатын Символ… сұхбат терезесiн таңдаңыз. Онан кейін немесе форматтау тақтасындағы маркерленген тізім батырмасына шертіңіз. пернесін екі рет басыңыз. Егер маркерленген тізім бірнеше азат жолдан тұрса, азат жол маркерсіз болуы үшін, алдыңғы азат жолды аяқтау үшін пернелер комбинациясын қолданамыз.

Нөмірленген тізімді жасау үшін:

1. Формат – Тізім командасын таңдау.

2. Нөмірленген батырмасына тышқанды шерту.

3. ‡лгіні таңдау.

4. ОК батырмасына шерту.

3.1-сурет. Нөмірленген тізім сұхбат терезесі 3.2-сурет. Маркерленген тізім сұхбат терезесі.

Мәтiндi бағаналарға бөлу

Мәтiндi бағаналарға бөлу – сөздiк, өлеңдер жазғанда т.б. қолдануға болады.

Мәтiндi бағаналарға бөлу үшiн алдын-ала тұтас құжатты немесе оның кез-келген бөлiгiн белгiлеп аламыз.

1. Бет белгi режимiне көшiремiз;

2. Саймандар тақтасында орналасқан бағаналар батырмасын шертемiз де, тышқанды ұстаулы күйiнде жылжыта отырып, қажеттi бағана санын көрсетемiз;

§ Меню қатарынан Формат - Бағаналар командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесiнде бағана санын көрсетемiз.

§ Бағаналар сұхбат терезесiнде, мәтiндегi бағаналар санын, енiн, олардың бiр-бiрiнен ара қашықтық мәнiн бере аламыз. Егер бағаналар арасын сызықпен бөлгiмiз келсе, Бөлгiш (Разделитель) жалаушасын, алендерiн бiрдей жасағымыз келсе, бiрдей ендi бағаналар жалаушасын көтеремiз де ОК батырмасын шертемiз. Ал Қолдану (Пременить) деген қатарда әрекеттi қолдану аймағын таңдаймыз.


8235822395686278.html
8235859722832911.html
    PR.RU™